date

Илон Маск OpenAI компаниясына қарсы сот процесінде жеңіліп қалды

Илон Маск OpenAI компаниясына қарсы сот процесінде жеңіліп қалды

Оклендтегі федералды сот Илон Масктың OpenAI компаниясына қарсы талап-арызын қабылдамады. Сот шешіміне сәйкес, миллиардер өзі негізін қалауға қатысқан компанияға қатысты наразылығын тым кеш білдірген. Алқабилер екі сағатқа жетпейтін талқылаудан кейін бірауыздан осындай шешімге келді. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды .

Илон Маск 2024 жылы берген талап-арызында OpenAI басшысы Сэм Альтман мен президент Грег Брокманды бастапқы келісімдерді бұзды деп айыптаған болатын. Оның айтуынша, коммерциялық емес ұйым ретінде құрылған компания кейіннен Microsoft сияқты серіктестерден миллиардтаған доллар инвестиция тартып, пайда табуды көздейтін бизнеске айналған. Маск жобаға 38 миллион доллар салғанын және компания құрылымы өзгертілгеннен кейін процестен шеттетілгенін алға тартқан.

OpenAI өкілдері болса, Масктың талабы негізсіз екенін және ол жасанды интеллект нарығы үлкен қаржылық өсімге қол жеткізгеннен кейін ғана наразылық білдіруді ұйғарғанын мәлімдеді. Сот процесі 11 күнге созылды және жасанды интеллект саласындағы ең шулы даулардың біріне айналды. Тараптар сот барысында бір-бірінің беделіне нұқсан келтіруге тырысты.

OpenAI 2015 жылы Сэм Альтман, Илон Маск және басқа да кәсіпкерлер тарапынан коммерциялық емес ұйым ретінде құрылған. Маск 2018 жылы директорлар кеңесінен кетті, ал 2019 жылы компания инвестиция тарту үшін коммерциялық бөлімше құрған еді. Қазіргі уақытта OpenAI Google DeepMind, Anthropic және Масктың өзіне тиесілі xAI компаниясымен бәсекелесуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Илон Маск OpenAI компаниясына қарсы сот процесінде жеңіліп қалды