date

Wildberries өзінің алғашқы бес жұлдызды қонақ үйін ашады

Wildberries өзінің алғашқы бес жұлдызды қонақ үйін ашады

Wildberries компаниясы премиум туризм сегментіне кіріп жатыр. Fun&Sun туроператорымен серіктестікте компания WB Travel брендімен өзінің алғашқы бес жұлдызды қонақ үйін іске қосуды жоспарлауда. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды .

Жаңа демалыс орны 2026 жылдың 15 шілдесінде Түркияның Аланья қаласында өз есігін ашады. Қонақ үй «барлығы қосылған» (all-inclusive) жүйесі бойынша жұмыс істейді, бірақ онда WB Travel-дің өзіндік қызмет көрсету концепциясы енгізіледі.

Ашылу салтанатына дейін нысан толықтай жаңғыртылады. Атап айтқанда, нөмірлер, ортақ пайдалану аймақтары және жағажай инфрақұрылымы жаңартылып, компанияның тамақтану және сервис бойынша жеке стандарттары қолданылады.

Естеріңізге сала кетейік, осы уақытқа дейін WB Travel тек төрт жұлдызды қонақ үйлер сегментінде дамып келе жатқан еді. Қазіргі таңда желі құрамында Түркияда төрт және Мысырда бір демалыс орны бар.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Wildberries өзінің алғашқы бес жұлдызды қонақ үйін ашады