Бұл сән қайта орала ма? Юбилейлік iPhone моделіне иілген экран орнатылуы мүмкін

Танымал қытайлық инсайдер Digital Chat Station жеткізу тізбегіндегі дереккөздерге сүйене отырып, Apple компаниясы 2027 жылға дейін iPhone дизайнында айтарлықтай өзгерістер жасауды жоспарлап отырғанын хабарлады. Жаңа мәліметтерге сәйкес, мерейтойлық смартфон иілген экранмен жабдықталуы мүмкін. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды .
Әңгіме классикалық "сарқырама экран" туралы емес, корпустың барлық төрт жағынан қайырылған панель туралы болып отыр. Бұған дейін келесі жылы шығатын мерейтойлық iPhone моделі 1,1 мм қалыңдықтағы жақтауға және төрт жағынан дөңгеленген экранға ие болатыны туралы қауесеттер тараған еді.
Айта кетерлігі, мұндай технологиялық шешімдерді соңғы жылдары Android смартфон өндірушілері кеңінен қолданып келді. Samsung Electronics, Huawei, Vivo және басқа брендтер қатты иілген экранды құрылғыларды ұсынған болатын.
Алайда, уақыт өте келе индустрия мұндай экрандардан бас тарта бастады. Кездейсоқ басылулар, жөндеудің күрделілігі және өндірістік өзіндік құнның жоғарылығына байланысты көптеген компаниялар практикалық тегіс панельдерге қайта оралды. Енді Apple бұл трендті қайта жаңғыртуы мүмкін.
Анықтама үшін, Digital Chat Station бұған дейін Xiaomi 15 және Xiaomi 15 Pro сипаттамаларын, сондай-ақ Realme GT 7 Pro смартфоны жарқын Samsung экранымен шығатынын және Dimensity 9400 чипі Snapdragon 8 Elite-тен бұрын ұсынылатынын дәл болжаған еді.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!