date

Сингулярлық жақын: Google DeepMind басшысы жасанды интеллект болашағын болжады

Сингулярлық жақын: Google DeepMind басшысы жасанды интеллект болашағын болжады

Google DeepMind бас директоры Демис Хассабис жасанды интеллект дамуындағы маңызды кезең — технологиялық сингулярлық дәуірі жақындап келе жатқанын мәлімдеді. Google I/O конференциясында Axios тең құрылтайшысы Майк Алленмен сұхбаттасқан Хассабис, қуатты жасанды интеллект агенттерінің пайда болуы бұл процесті жеделдетіп жатқанын атап өтті. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.

Хассабис өз ойына мысал ретінде түнгі уақытта жасанды интеллект көмегімен шағын бейнеойындар жасап жатқанын келтірді. Оның айтуынша, бұрын мұндай тапсырмаларды орындау үшін айлап уақыт кететін еді. «Биылғы жылы біз көріп және қолданып жатқан жүйелер арқылы бұл өзгерістерді іс жүзінде сезіне бастадық», — деп қосты ол.

Сарапшының болжамы бойынша, жалпы жасанды интеллект (AGI), яғни машиналар адам деңгейіндегі ақыл-ойға ие болатын кезең 2030 жылға қарай келеді. Хассабис жасанды интеллекттің әсері әлі де жеткілікті бағаланбай жатқанын және ол өнеркәсіптік революциядан 100 есе қуатты өзгерістерге себеп болатынын атап өтті.

DeepMind басшысы Кремний алқабындағы кейбір әріптестерінен айырмашылығы, машиналар әлемді жаулап алады дегенге сенбейді. Технология белгілі бір қауіптер тудырса да, адамзат оны ғылым мен денсаулық сақтау саласындағы ең күрделі мәселелерді шешуде тиімді пайдаланатынын баса айтты.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Сингулярлық жақын: Google DeepMind басшысы жасанды интеллект болашағын болжады