date

GeForce RTX 5090 сатып алғандарға 1 грамм алтын сыйға беріледі

GeForce RTX 5090 сатып алғандарға 1 грамм алтын сыйға беріледі

Gigabyte компаниясы ерекше дизайндағы Aorus GeForce RTX 5090 Infinity видеокартасын сатылымға шығарды. Тайваньда бұл құрылғы 5250 долларға бағаланған және сатып алушыларды тосын сый күтіп тұр. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды .

Жергілікті нарықта Gigabyte компаниясы 25 мамыр мен 7 маусым аралығында өтетін арнайы акцияны іске қосты. Осы кезеңде видеокартаны сатып алған пайдаланушыларға 999-сынамалы 1 грамм таза алтын сыйға беріледі. Сыйлықты алу үшін сатып алу чегін көрсету жеткілікті.

Компания өкілдерінің айтуынша, алтын құймасы орнатылған арнайы тұғырлар саны шектеулі және акция қор таусылғанша жалғасады. Қазіргі уақытта 1 грамм алтынның құны шамамен 80 долларды құрайды. 5250 долларлық видеокарта аясында бұл символикалық сыйлық болғанымен, коллекционерлердің назарын аударатыны сөзсіз.

Бұл эксклюзивті модель Gigabyte компаниясының 40 жылдық мерейтойына орай шығарылған. Aorus GeForce RTX 5090 Infinity моделі Asus Matrix немесе MSI Lightning сияқты экстремалды оверклокингке (жылдамдату) емес, көбінесе премиум дизайн мен мәртебеге бағытталғанын атап өткен жөн.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » GeForce RTX 5090 сатып алғандарға 1 грамм алтын сыйға беріледі