date

Micron Technology капитализациясы алғаш рет 1 триллион доллардан асты

Micron Technology капитализациясы алғаш рет 1 триллион доллардан асты

АҚШ-тың жад чиптерін өндіруші Micron Technology компаниясы тарихи нәтижеге қол жеткізді: оның нарықтық капитализациясы алғаш рет 1 триллион доллар деңгейінен асты. Қор нарығындағы қарқынды өсу нәтижесінде компания акциялары бір сауда күнінің ішінде 19 пайызға қымбаттады. Бұл 2011 жылдан бері тіркелген ең жоғары тәуліктік өсім көрсеткіші. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.

Инвесторлар арасындағы мұндай оптимизмге UBS Group AG талдау есебі түрткі болды. Сарапшылардың пікірінше, Micron акцияларының әлеуеті өте жоғары және алдағы бір жыл ішінде өз құнын екі есеге арттыруы мүмкін. Компанияның мұндай өсімі бүкіл жартылай өткізгіштер индустриясының ұзақ мерзімді қайта бағалануын көрсетеді.

2025 жылдың төртінші тоқсанының қорытындысы бойынша, Micron әлемдік HBM (өткізу қабілеті жоғары жад) нарығының 21 пайызын (түсім бойынша) бақылайды. Компания қазіргі уақытта жасанды интеллект инфрақұрылымын жаһандық деңгейде кеңейтудің орталығында тұр. Жаңа буын жад чиптері деректер орталықтарын (data-centers) дамыту үшін өте маңызды компонент болып табылады.

Сарапшылардың болжамы бойынша, әлемдік нарықта мұндай чиптердің тапшылығы 2027 жылға дейін жалғасуы мүмкін. Қалыптасқан жағдай Micron компаниясына планетамыздың ең ірі технологиялық корпорацияларына өз баға шарттарын диктанттауға мүмкіндік береді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Micron Technology капитализациясы алғаш рет 1 триллион доллардан асты