date

Ресейде заңсыз майнинг үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы енгізілуі мүмкін

Ресейде заңсыз майнинг үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы енгізілуі мүмкін

Ресей Мемлекеттік Думасы цифрлық валюталарды заңсыз майнингтеу және майнинг инфрақұрылымы операторларының қызметі үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейтін заң жобасын бірінші оқылымда қарап, қабылдады. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды .

Құжатқа сәйкес, арнайы тізілімнен өтпей майнингпен айналысқан, сондай-ақ тізілімге кірмей майнинг инфрақұрылымы операторының қызметін көрсеткендерге 1,5 миллион рубльге дейін айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Егер бұл әрекеттер ірі көлемде залал келтірсе немесе ірі көлемде табыс алуға әкеп соқса, жауапкершілік шаралары қатаңдатылады. Қылмыс ұйымдасқан топпен жасалған немесе аса ірі көлемде залал келтірілген жағдайда, жаза мерзімі 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды құрайды.

Сондай-ақ, Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 104.1-бабына өзгерістер енгізу ұсынылуда. Оған сәйкес, майнинг саласындағы заңсыз қызмет үшін мүлікті тәркілеу мүмкіндігі кеңейтіледі.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Ресейде заңсыз майнинг үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы енгізілуі мүмкін