Жаңа Boeing 737 ұшақтарын сертификаттау 80 пайыздан астам аяқталды

Boeing компаниясы алдағы айларда 737 әуе кемелерінің өндіріс көлемін айына 42-ден 47 данаға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы компанияның бас директоры Келли Ортберг АҚШ-тың Федералдық авиация басқармасымен (FAA) келіссөздерден кейін мәлімдеді. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.
Ортбергтің айтуынша, авиагигант өндірістің жаңа деңгейіне көшу жұмыстарын бастап кетті. Сонымен қатар, Boeing 737-10 және 737-7 модельдері сертификаттаудың соңғы кезеңінде екені хабарланды.
Компания бұл ұшақтар бойынша сынақ бағдарламасы қазіргі уақытта 80 пайыздан астам орындалғанын нақтылады. Бұл жаңа лайнерлердің жақын арада пайдалануға берілетінін білдіреді.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың наурыз айында Boeing өндірістік ақауларға байланысты 737 MAX лайнерлерінің бір бөлігін жеткізу кешігетіні туралы ескерткен болатын. Қазір компания бұл мәселелерді шешіп, өндіріс қарқынын арттыруға назар аударуда.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!