Өзбекстанда кәсіпкерлік субъектілерін қолдап-қуаттау, олардың қаржылық мүмкіндіктерін кеңейту және бәсекеге қабілетті жобаларды жүзеге асыру мақсатында Президенттің 26 қыркүйектегі жарлығы қабылданды.
Жарлыққа сәйкес, 2026-2027 жылдары "Кәсіпкерлікті дамыту компаниясы" АҚ арқылы 4 трлн сумдық қаржылай қолдау шаралары жүзеге асырылады. Нәтижесінде кемінде 5 мың кәсіпкерлік жобаны жүзеге асыру көзделген.
Негізгі жаңалықтар:
- 2025 жылдың 1 ноябрінен бастап "чемпион" кәсіпкерлерді қалыптастыру мақсатында коммерциялық банктер арқылы өндіріс және қызмет көрсету салаларындағы жобаларға 10 миллиард сумға дейін қаржы бөлінеді.
- "Жасыл экономика" және қызмет көрсету саласындағы шағын жобалар 500 миллион сумға дейін жеңілдетілген несиелермен қамтамасыз етіледі. Олар 6 пайызға дейін төмендетілген мөлшерлемелер бойынша қайта қаржыландыру мүмкіндігіне ие болады.
- 2025 жылдың 1 декабрінен бастап ірі кәсіпкерлерге 10 млрд сумға дейін кепілдіктер беріледі. Орта және ірі бизнес үшін кепілдік мөлшері олардың айналымына қарай ұлғаяды. Жақсы несие тарихы бар кәсіпкерлерге кепілдік көлемі қолданыстағы шектен 1,5 есеге дейін көтеріледі.
- 2026 жылдан бастап шалғайдағы шағын және орта бизнеске ерекше жеңілдіктер беріледі. Оларға берілген несиелер Орталық банктің негізгі мөлшерлемесінен 4 пайыздық тармақ жоғары деңгейде қайта қаржыландырылады.
- Кедей отбасылардан қызметкер тартқан кәсіпкерлер үшін өтемақы мөлшері 2-6 пайызға дейін ұлғайтылады.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар