date

Жызақта атом электр станциясын салу үшін 9 км теміржол тартылады

Жызақта атом электр станциясын салу үшін 9 км теміржол тартылады

Өзбекстанның Жызақ облысы, Фариш ауданында салынып жатқан атом электр станциясы (АЭС) аумағына жеке теміржол желісі салынады. Бұл туралы 6 октябрьде ұйымдастырылған баспасөз турында АЭС құрылысы дирекциясының басшысы Абдужамил Калмуратов мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір логистика мәселелері белсенді түрде шешілуде. Құрылысқа қажетті материалдар мен жабдықтардың бір бөлігі теміржол арқылы жеткізіледі деп жоспарлануда. Осы мақсатта "Узбекистон темир йуллари" АҚ жаңа теміржол бағытын жобалады.

Жаңа теміржол желісінің ұзындығы шамамен 9 шақырым болады. Бұл жол арқылы АЭС үшін маңызды ауыр жабдықтар, соның ішінде Ресейде өндірілетін реактор бөлшектері әкелінеді.

Сондай-ақ Өзбекстан қазір Қазақстанмен АЭС үшін қажетті жүктерді ел аумағы арқылы өткізу бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл да халықаралық логистикалық дәлізді қалыптастырудағы маңызды кезеңдердің бірі.

Жыл соңына дейін АЭС құрылысы бойынша "Росатоммен" бірлесіп қосымша келісімшарттарға қол қою жоспарлануда. Бірақ жобада қолданылатын уранды байыту мәселесі әлі ашылмаған - бұл тақырып "аздап жабық" деп бағаланды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Өзбекстан » Жызақта атом электр станциясын салу үшін 9 км теміржол тартылады