date

Azon Global өз қызметін ресми түрде тоқтатты

Azon Global өз қызметін ресми түрде тоқтатты

2025 жылдың 15 қазанында Azon Global редакциясы медиаплатформаның жұмысын тоқтатқанын ресми түрде жариялады. Ресми мәлімдеме жоба сайтында орналастырылған, онда команда бұл шешімді "заңға құрметпен және қоғам алдындағы жауапкершілік сезімімен" қабылдағанын атап өтті.

"Біз - Azon Global командасы, заңға құрмет пен мойынсұну үшін барлық медиа қызметімізді тоқтатуға шешім қабылдадық. Бұл ауыр, бірақ ар-ождан, ұстазымызға деген құрмет пен қоғамға деген адалдық негізінде қабылданған шешім," - делінген мәлімдемеде.

Мәліметтерге қарағанда, Azon Global жобасына қатысты сот үкімі шыққаннан кейін оның қызметі ресми түрде тоқтатылды. Ұжым бұл шешімді бейбітшілік пен сабырлықпен қабылдағанын мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың 8 октябрінде Ташкент қаласының Учтепа ауданындағы сотта Azon Global жобасының негізін қалаушы Мубашшир Ахмадқа (Әлішер Турсунов) қатысты сот процесі аяқталып, ол 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған еді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Өзбекстан » Azon Global өз қызметін ресми түрде тоқтатты