date

Самарқантқа баратындардың назарына: қала 14 ноябрьге дейін жабық

Самарқантқа баратындардың назарына: қала 14 ноябрьге дейін жабық

ЮНЕСКО Бас конференциясының 43-сессиясының өтуіне байланысты 2025 жылдың 30 октябрінен 14 ноябріне дейін Самарқант қаласына кіру жолдары уақытша жабылады. Бұл туралы Өзбекстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ресми мәлімдеме жасады.

Бұл шектеу халықаралық деңгейдегі ірі конференцияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тәртіпті сақтау мақсатында енгізілуде. Транзиттік көліктер үшін балама қозғалыс бағыттары әзірленіп, жүргізушілерге осы жолдарды көрсететін QR-кодты флаерлер таратылуы белгіленген.

Ішкі істер органдары азаматтар мен туристерді Самарқантқа сапарларын мүмкіндігінше кейінге шегеруге шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, ЮНЕСКО Бас конференциясы 1985 жылдан бері алғаш рет Парижден тыс жерде өтіп жатыр және бұл тарихи оқиға алғаш рет Өзбекстанға беріліп отыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Өзбекстан » Самарқантқа баратындардың назарына: қала 14 ноябрьге дейін жабық