date

Өзбек тойларында ысырапшылдыққа нүкте қойылды: 90 күндік "маромийлик" бастамасы басталды

Өзбек тойларында ысырапшылдыққа нүкте қойылды: 90 күндік "маромийлик" бастамасы басталды

Өзбекстанда үйлену тойлары мен салтанатты шараларда артық ысырапшылдықты шектеу, нормативтік және ұлттық құндылықтарға негізделген мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жаңа бағдарлама әзірленді. Бұл бастаманы Республикалық Руханият және Ағарту орталығы бірқатар ұйымдармен бірлесіп жариялады.

Мәлім етілгендей, Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстелде "маромийлик мәдениетін кеңінен тарату" мақсатында 90 күндік іс-шаралар жоспары бекітілді. Бұл жоспарда халықты ысырапшылдық пен артық сән-салтанаттан аулақ болуға шақыру, қоғамдық сананы ояту, рәсімдерді ықшам және шынайы өткізуді насихаттау сияқты міндеттер белгіленген.

Бұл бағдарлама Руханият орталығы, Махаллалар бірлестігі, Дін істері комитеті, Отбасы және әйелдер комитеті, сондай-ақ "Нуроний" қорының қатысуымен жүзеге асырылады. Бағдарлама аясында үгіт-насихат шаралары, ашық сұхбаттар, семинарлар және жастармен кездесулер ұйымдастыру жоспарланған.

Сонымен қатар, "Кинокарвон" медиа жобасы арқылы ысырапшылдыққа қарсы идеяларды насихаттайтын фильмдер мен роликтер арқылы жастардың санасына салауатты көзқарастарды сіңіру көзделген.

Бұл бастама, ең алдымен, ұлттық құндылықтарды сақтау, той-мерекелерді шынайы және арзан өткізу, артық ауыртпалық пен қаржылық қысымды азайту арқылы қоғамда салауатты ортаны нығайтуға қызмет етеді деп күтілуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Өзбекстан » Өзбек тойларында ысырапшылдыққа нүкте қойылды: 90 күндік "маромийлик" бастамасы басталды