
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев қараша айында АҚШ-қа жұмыс сапарымен барады. Сапар аясында ол АҚШ президенті Дональд Трамптың қатысуымен өтетін C5+1 форматындағы саммитке қатысады.
Кездесу 6 ноябрь күні Вашингтон қаласында өтеді. Саммитке Орталық Азия елдері - Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан басшылары қатысады деп жоспарланған.
АҚШ тарапынан аталмыш шараға дайындық жасау мақсатында Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гор мен Мемлекеттік хатшының орынбасары Кристофер Ландау Ташкентке келді. Олар өңірлік ынтымақтастық мәселелерін талқылағаннан кейін Қазақстанға жол тартты.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та Дональд Трамптың ұсынысы үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар, саммитте экономикалық серіктестік, қауіпсіздік және сауда салаларындағы жаңа бастамалар талқыланады деп күтілуде.
Естеріңізге сала кетейік, Шавкат Мирзияев үстіміздегі жылдың сентябрь айында Дональд Трамппен де қысқа кездесу өткізген еді. Бұл жолғы келіссөздер екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға қызмет етеді деп күтілуде.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!