
Өзбекстан халқы арасында күн энергиясын пайдалану кеңейіп келеді. Энергетика министрлігінің хабарлауынша, 2025 жылдың январь-сентябрь айларында 35 мыңнан астам азамат "Қуёшли хонадон" бағдарламасы аясында 153,6 миллиард сумдық субсидия алған.
Мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражат күн батареялары арқылы өндірілген электр энергиясын бірыңғай жүйеге тапсырған жеке тұлғаларды ынталандыруға бағытталды.
Аймақтар бойынша көшбасшылар:
Хорезм облысы - 42,6 млрд сум;
Қарақалпақстан Республикасы - 22,4 млрд сум;
Бұхара облысы - 15,3 млрд сум.
Азаматтар "Салық" мобильді қосымшасының "Кешбек және жеңілдіктер" бөліміндегі "Күн сәулелі үй" терезесі арқылы субсидияны тікелей өз банк картасына аударып ала алады.
Ақпарат үшін, бағдарлама 2023 жылдың 1 апрелінен бастап жұмыс істейді. Оның аясында күн панелі арқылы өндіріліп, бірыңғай электр желісіне берілген әрбір киловатт-сағат энергия үшін 1000 сумнан субсидия белгіленеді.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!