date

Жәрдемақылар автоматты түрде тағайындалады: өтініш беру тәртібі жойылады

Жәрдемақылар автоматты түрде тағайындалады: өтініш беру тәртібі жойылады

Өзбекстанда 2026 жылдың 1 январынан бастап әлеуметтік сақтандыру жүйесі түбегейлі өзгереді. Президент қол қойған жаңа жарлыққа сәйкес, "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бойынша төлемдерді тағайындау және төлеу жүйесін жетілдіру бойынша шаралар" белгіленді.

Жаңа тәртіп негізінде азаматтарға жүктілік, босану және еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақылар енді автоматты түрде - яғни өтініш бермей тағайындалады.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың жаңа жүйесі екі формада жұмыс істейді:

- міндетті сақтандыру - мемлекеттік бюджеттен бөлінетін табыс салығы есебінен;

- ерікті сақтандыру - азаматтардың ай сайын ең төменгі жалақының 5 пайызына тең жарна төлеу арқылы.

Төлемдер Әлеуметтік қорғау ұлттық агенттігінің Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы жүзеге асырылады.

Жаңа жүйе бойынша:

- 2026 жылғы 1 январьдан бастап жүктілік және босану бойынша жәрдемақы,

- 2026 жылдың 1 июлінен бастап уақытша еңбекке жарамсыздық жәрдемақысы автоматты түрде тағайындалады.

Сонымен қатар, 2030 жылдың 1 январынан бастап жұмыстан шығу жәрдемақысы да қор арқылы төленеді.

Бұл өзгерістер азаматтардың әлеуметтік қорғалуын күшейтуге, бюрократиялық кедергілерді азайтуға және төлемдерді жеделдетуге бағытталған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Өзбекстан » Жәрдемақылар автоматты түрде тағайындалады: өтініш беру тәртібі жойылады