date

Студенттерге жаңа мүмкіндік: жалдау ақысының бір бөлігі қайтарылады

Студенттерге жаңа мүмкіндік: жалдау ақысының бір бөлігі қайтарылады

Оқумен қатар пәтер жалдап тұратын студенттер үшін қуанышты жаңалық бар. Енді олар ай сайынғы жалдау ақысының белгілі бір бөлігін мемлекет тарапынан өтемақы ретінде қайтарып алу мүмкіндігіне ие болады. Бұл жүйе арқылы жастардың жалдау шығындарын жеңілдету және материалдық ауыртпалықты азайту көзделген.

Ең бастысы - енді бұл процесс үшін университетке немесе банкке барудың қажеті жоқ. Барлық операциялар толығымен онлайн режимінде жүзеге асырылады.

Бұл ретте студенттер келесі кезеңдерді орындаса жеткілікті:

my.gov.uz бірыңғай интерактивті мемлекеттік қызметтер порталына кіру;

"Мемлекеттік жоғары оқу орындарының студенттеріне ай сайынғы жалдау төлемінің бір бөлігін өтеу" қызметі арқылы өтініш беру;

құжат ұсыну талап етілмейді - жүйе деректерді автоматты түрде тексереді.

Егер өтініш қаралып, мақұлданса, Ташкент қаласында тұратын студенттер БЕМ-нің бір есе мөлшерінде, облыстарда тұратын студенттер БЕМ-нің жарты мөлшерінде өтемақы алады.

Ақпаратқа сәйкес, өтініштер ай сайын 1-7 күндері қабылданады. Жүйе арқылы өтініш берген студенттердің шоттарына қаражат тікелей аударылады.

Бұл бастама жастардың мүдделерін қолдап-қуаттау, олардың тұрмыс жағдайын жақсарту және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету жолындағы тағы бір маңызды қадам ретінде бағалануда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Студенттерге жаңа мүмкіндік: жалдау ақысының бір бөлігі қайтарылады