date

Ташкентте құрылыс алаңдары енді міндетті тексеруден өтеді

Ташкентте құрылыс алаңдары енді міндетті тексеруден өтеді

"Ташкент қаласында экологиялық жағдайды жақсарту бойынша шұғыл шаралар туралы" Президент жарлығына сәйкес, құрылыс үшін бөлінген аумақтар міндетті түрде кешенді тексеруден өтеді.

Атап айтқанда, Ташкент қаласындағы 500 шаршы метр және одан да көп аумақтарда келесі талаптар бойынша бағалау жүргізіледі: аумақтың кемінде 25 пайызы көгалдандырылуы, су бүріккіштерінің орнатылуы, кіру-шығу жолақтарында автокөлік доңғалақтарын жуу бассейндерінің салынуы.

Сонымен қатар, құрылыс және қоқыс тасымалдау кезінде көлік құралдары брезентпен немесе ПВХ жабынымен жабылуы міндетті деп белгіленді.

Ауданы 1 000 шаршы метрден асатын құрылыс учаскелерінде фондық бақылау станцияларын орнату және оларды Экология комитетіне біріктіру - құрылысты жалғастырудың негізгі талабы болады.

Сондай-ақ жеке тұлғалар өз жеріндегі ағаштар мен бұталарды суару үшін ауыз суды пайдалану уақытына белгіленген шектеу - көктем және жаз мезгілдерінде (00:00 ден 05:00 ге дейін) жойылады.

Бұл ретте ауыз суды басқа мақсаттарға пайдалану бойынша қолданыстағы шектеу сақталады. Көппәтерлі үйлерде суару үшін жеке су резервуарларын орнату көзделеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Ташкентте құрылыс алаңдары енді міндетті тексеруден өтеді