Өзбекстанда 50 жылдық көліктерге шектеу қою туралы жаңа ереже енгізілді

Үкімет жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту және саланы цифрландыруға бағытталған жаңа шешім қабылдады Әділет министрлігі мәліметінше Қоғамдық қауіпсіздік департаментінің Жол қозғалысы қауіпсіздігі қызметінің ақпараттық жүйесіндегі Әкімшілік іс жүргізу модулі тиісті министрліктер мен ведомстволардың ақпараттық жүйелерімен өзара байланыстырылатын болады
Шешімге сәйкес 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап көлік құралдарының кейбір санаттары үшін бөлек сериялы мемлекеттік тіркеу нөмір белгілерін енгізу көзделген Атап айтқанда жүкпен бірге жалпы салмағы 44 тоннадан асатын жүк автомобильдері кен шахта және карьерлерде қолданылатын арнайы техникалар заңды тұлғаларға тиесілі бағытсыз таксилер сондай ақ антиквар авто мото көлік құралдары бөлек серияда тіркеледі
Ең үлкен жаңалықтардың бірі 50 жылдан астам бұрын шығарылған көлік құралдарына қатысты Енді мұндай көліктерді пайдалану да оларды қайта тіркеу де тыйым салынады Осы санаттағы авто мото көлік құралдары мемлекеттік тіркеуден шығарылатыны белгіленген
Сонымен қатар авто мото көлік құралы тіркелгені туралы куәлікте меншік иесінің мекенжайын көрсету талабы алып тасталады Бұл тәжірибе құжатбастылықты азайтып деректер алмасуды жеңілдетеді деп күтілуде
Тағы бір маңызды жайт көлікті мемлекеттік тіркеуден өткізуде қажет болатын кейбір құжаттарды уәкілетті органдардан ведомствоаралық электрондық өзара іс қимыл арқылы алу жүйесі жолға қойылады Атап айтқанда
авто мото көлік құралын сатып алу сату шарты
Электрондық онлайн аукциондарды ұйымдастыру АҚ ұсынатын аукцион хаттамалары
мемлекеттік үлесі бар кәсіпорындар шығарған көліктер бойынша электрондық есеп деректері
көлік құралының меншік иесі туралы мәліметтер
Бұған дейін Өзбекстанда қалалық көлік мүмкіндігі шектеулі адамдар мен балалы жолаушылар үшін бейімделетіні туралы да хабарланған еді Тасымалдаушылар көлік салондарын жолаушылардың қауіпсіз мініп түсуін қамтамасыз ететін түрде жабдықтауға міндетті болатыны атап өтілген
Сондай ақ республика қалаларында 15 жылдан астам пайдаланылған автомобильдерде такси қызметін шектеу мәселесі де күн тәртібінде Бағытсыз таксилердің техникалық жай күйі мен жабдықтары жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі заңнама талаптарына толық сай болуы тиіс екені тағы бір рет ескертілді