date

Ташкентте үй жалдау ақысы едәуір қымбаттады

Ташкентте үй жалдау ақысы айтарлықтай қымбаттады

Ташкентте үй жалдау ақысы айтарлықтай қымбаттады

2026 жылғы наурызда Ташкент қаласында тұрғын үйді жалдау бағасы өсуін жалғастырды.

Мәліметтерге сәйкес, елордада бір шаршы метр үшін орташа жалдау құны 8,9 АҚШ доллары шамасында қалыптасты. Бұл көрсеткіш ақпан айымен салыстырғанда 2,7 пайызға, ал өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,8 пайызға жоғары.

Экономикалық зерттеулер және реформалар орталығының хабарлауынша, жалдаудың ең жоғары бағалары қаланың орталық аудандарында сақталып отыр.

Атап айтқанда, Мирабад, Шайхантахур, Яккасарай және Мырза Ұлықбек аудандарында бір шаршы метр үшін жалдау ақысы орташа есеппен 11 АҚШ долларына дейін жеткен.

Сонымен қатар, жылдық өсім қарқыны бойынша Яшнабад ауданы көш бастап тұр. Бұл аумақта жалдау бағасы 18,9 пайызға өскен.

Мырза Ұлықбек ауданында өсім 14,3 пайызды, ал Яккасарай ауданында 12,5 пайызды құрады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Ташкентте үй жалдау ақысы едәуір қымбаттады