Дағыстанда медбике әріптесінің тойына кетіп қалғандықтан 19 жастағы науқас қайтыс болды

Дағыстанда медбике әріптесінің тойына кетіп қалғаны салдарынан 19 жастағы науқастың өліміне себепкер болды деп айыпталуда. Оқиға бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, өт қабындағы тастарды алып тастау бойынша жоспарлы отадан кейін қыз жалпы палатаға ауыстырылған. Алайда 10–15 минуттан кейін оны бақылауы тиіс медбике аурухана қарсысында өтіп жатқан әріптесінің тойына кетіп қалған. Ол кетер алдында басқа қызметкерден науқасқа қарап тұруды сұрап, жазба қалдырған.

Сол сәтте науқастың жағдайы күрт нашарлаған. Қыздың анасы көмек сұрап аурухана дәліздерінде жүгірген, бірақ медициналық бақылау уақытында қамтамасыз етілмеген. Ал анестезиолог басқа ауыр науқаспен айналысып жатқан.
Дәрігерлер науқасты құтқаруға тырысқанымен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Марқұмның артында бір жасқа да толмаған сәбиі қалды.


















Пікірлер 0
…