Шымкент қаласында жеті баланың анасы тағы үш егізді дүниеге әкелді

Шымкент қаласында жеті баланың анасы тағы үш егізді дүниеге әкелді

Қазақстанның Шымкент қаласында 36 жастағы әйел үш егіз — екі қыз бен бір ұлды дүниеге әкелді. Қызығы, ол бұған дейін де екі рет егіз босанған.

Жаңа туған нәрестелерге Алсия, Сафия және Аймұхаммед деп есім берілді. Олар салмағы аз болып туылғандықтан, дәрігерлердің бақылауында болды. Қазіргі таңда балалардың жағдайы жақсарып, күш жинап жатыр. Үш егізді перзентханадан шығарып алу үшін олардың аға-әпкелері де келді.

Әйел бұған дейін екі рет егіз, тағы үш рет бір-бірден бала туған. Осылайша, үш егізбен бірге отбасындағы балалар саны 10-ға жетті. Көп балалы анаға «Алтын алқа» төсбелгісі де берілген.

«Шынымды айтсам, үш егіз туамын деп ойламаған едім. УДЗ тексеруінде мұны өз көзіммен көріп, естігенде таңғалдым. Бір уақытта қуандым да, жыладым да.

Он баланың ата-анасы болу бақытына ие болғанымыз үшін Аллаға шүкіршілік етемін. Үшеуінің де мінез-құлқы, сырт келбеті де әртүрлі. Оларды бір-бірінен ажырату қиын емес», — дейді көп балалы ана Ажар Тошқараева.

Пікірлер 0

…

Байланысты жаңалықтар