Қытайда қалыңдық күйеу жігітке 12 мың долларлық видеокарта сыйлады

Қытайда қалыңдық күйеу жігітке 12 мың долларлық видеокарта сыйлады

Қытайда болашақ қалыңдық күйеу жігітін қымбат сыйлықпен таңғалдырды. Қыз оған шамамен 12 мың доллар тұратын ASUS ROG Astral GeForce RTX 5090 видеокартасын тарту етті. Күтпеген сыйлық күйеу жігітті қатты тебіренткені сонша, ол қуаныш жасын тыя алмады.

Видеода күйеу жігіттің сыйлықты қабылдап алып, оны той қонақтарына қуана көрсетіп жатқаны бейнеленген. Оның шынайы эмоциясы түсірілген ролик X әлеуметтік желісінде тез тарап, қолданушылардың назарын аударды.

Бір қызығы, RTX 5090 видеокартасын Қытайда табу оңай емес. Себебі бұл модель елде ресми түрде сатылмайды. Сондықтан қалыңдықтың мұндай сыйлығы тек қымбаттығымен ғана емес, сонымен қатар сирек кездесетіндігімен де ерекшеленеді.

Пікірлер 0

…

Байланысты жаңалықтар