Флорентино Перес «Реал Мадрид» үшін 150 миллион еуролық трансферді жариялады

«Реал Мадрид» президенті Флорентино Перес кезекті сайлау алдында сенсациялық мәлімдеме жасады. «Horizonte» телебағдарламасына қатысқан клуб басшысы әлем деңгейіндегі жұлдыз футболшы үшін рекордтық ұсыныс дайындалып жатқанын хабарлады. Оның сөзінше, бұл трансфер Мадрид тарихындағы ең ірі келісімге айналады. Бұл туралы Goal.com хабарлайды .
Президенттің айтуынша, «Реал Мадрид» Криштиану Роналдумен деңгейлес «супержұлдыз» үшін 150 миллион еуро ұсынады. Сонымен бірге, Флорентино Перес көпшілік күткен «Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холандтың бұл тізімде жоғын ерекше атап өтті. Трансфер бойынша ресми ұсыныстың Чемпиондар лигасының жетекші клубтарының біріне сейсенбі күні жіберілуі күтілуде.
Перес сондай-ақ, клубтың бірқатар маңызды келісімдерді жүзеге асырғанын растады. Олардың қатарында бапкер Жозе Моуринью, «Ливерпуль» қорғаушысы Ибраима Конате және «Интер» ойыншысы Дензел Думфрис бар екені айтылуда. Жаңа келетін «Галактикос» алаңның ортасында немесе шабуыл шебінде ойнайтыны хабарланды.
Сұхбат барысында президент бірқатар үміткерлерден бас тартты. Эрлинг Холандтан бөлек, Майкл Олисе, Жереми Доку және Гарри Кейн сияқты футболшылар да Мадрид клубының нысанасында емес. Сондай-ақ, ол Англия Премьер-лигасынан немесе басты қарсыласы «Барселона» сапынан ешкім трансфер етілмейтінін қатаң түрде атап өтті.



















Пікірлер 0
…