АҚШ пен Мексика шекарасының астынан бір тоннадан астам есірткі табылды

АҚШ пен Мексика шекарасының астынан есірткі контрабандасына арналған туннель табылды. АҚШ Әділет министрлігінің мәліметінше, ол Мексиканың Тихуана қаласы мен Сан-Диегодағы Buy 4 Less дүкенін байланыстырған.
Туннельдің жалпы ұзындығы шамамен 600 метрді құрайды. Ол гидравликалық лифт, электр және желдету жүйелерімен жабдықталғаны хабарланды.
Операция барысында құны 45 миллион долларға бағаланған 1029 килограмм кокаин, оқ-дәрілер және құжаттар тәркіленді.
Осы факті бойынша 4 адам қамауға алынды. Ресми органдардың мәліметінше, бұл бағыт АҚШ-қа есірткіні заңсыз әкелу үшін пайдаланылған.



















Пікірлер 0
…