2025-жылы Узбекистанда сақтандыру қызметтерінің көлемі 1,7 триллион сoмға жетті, деп хабарлады Uz24.uz. Бұл көрсеткіш сақтандыру нарығында белсенділіктің артып келе жатқанын көрсетеді.
Сақтандыру қызметтерінің 81 пайызы жазатайым оқиғалар, автокөлік пен басқа транспортты, жүктi және мүлікті сақтандыру қызметтеріне тиесілі болды. Бұл халық пен бизнестің қаржылық қауіптерден қорғануға сұранысының артып келе жатқанын білдіреді.
Қайта сақтандыру қызметтері нарықтың 13,9 пайызын, өмірді сақтандыру қызметтері 5,1 пайызын құрады. Маманардың айтуынша, өмірді сақтандыру секторы әлі кіші болғанымен, тұрақты өсу үрдісі байқалуда.
Алдағы уақытта цифрлы технологиялар, онлайн платформалар және жаңа өнімдер арқылы нарықта белсенділік одан әрі күшеюі мүмкін.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар