date

Украинада ресейліктер қатарында болған өзбекстандық тұтқынға алынды

Украинада ресейліктер қатарында болған өзбекстандық тұтқынға алынды

Украинада Ресей жағында соғысқан өзбекстандық Зухриддин Юлдашев украин әскери қызметкерлері тарапынан тұтқынға алынды, деп UPL хабарлады. Ол туралы видео әлеуметтік желілерде тарады.

Мәлiметтерге сәйкес, 31 жастағы Бухара облысынан шыққан Юлдашев украин әскери дроны алдында берілген. Ол соғысқа мәжбүрлі түрде жіберілгенін білдірген. БАҚ-тың хабарлауынша, оған есірткі затын тарату айыбы тағылып, жазадан құтылу үшін "арнайы әскери операцияға" қатысуды таңдаған.

Тұтқында Юлдашев Ресей армиясындағы тәртіпсіздіктер, әскери қызметкерлердің өз қаражатына құрал-жабдық сатып алып жатқаны туралы баяндаған. Сондай-ақ, ол Өзбекстан үкіметінен өзін отанына қайтаруды сұраған. Еске сала кетейік, Өзбекстан азаматтарына шетелдегі әскери жанжалдарға қатысуға тыйым салынған және бұл үшін қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Қоғам » Украинада ресейліктер қатарында болған өзбекстандық тұтқынға алынды