date

Meta жасанды интеллект шығындарына байланысты 8 мың қызметкерін қысқартады

Meta жасан'iy intellekt xarajatlari sabab 8 ming xodimni bo'shatadi

АҚШ-тың «Meta» технологиялық компаниясы қызметкерлерінің шамамен 10 пайызын немесе 8 мың адамды жұмыстан шығару ниетінде екенін хабарлады. «Facebook», «Instagram» және «WhatsApp» әлеуметтік желілерінің иесі болған корпорацияның бұл шешімі жасанды интеллект технологияларына жасалып жатқан ірі инвестициялармен байланысты. Бұл туралы Bbc.com хабар береді.

Компания басшылығы қызметкерлерге жоспарланған қысқартулар туралы хабарлаған. Сондай-ақ, бұрын жұмысқа қабылдау көзделген бірнеше мың бос жұмыс орны да жойылатын болды. Қысқартулардың негізгі себебі ретінде жасанды интеллектті дамытуға жұмсалып жатқан зор қаражат көрсетілуде. Тек биылдың өзінде бұл салаға 135 млрд доллар жұмсау жоспарланған.

Компания негізін қалаушы Марк Цукерберг жасанды интеллект қызметкерлердің жұмыс өнімділігін арттыруға көмектескенін атап өтті. Оның айтуынша, енді бір адам бұрын үлкен ұжымды талап еткен жобаларды жүзеге асыра алады. Цукерберг 2026 жылды жасанды интеллект жұмыс процестерін түбегейлі өзгертетін кезең болады деп болжап отыр.

Мәлімет үшін, 2022 жылдан бері «Meta» он мыңдаған қызметкерін босатып келеді. Технология саласындағы басқа да алып компаниялар осындай жолға түсуде. Атап айтқанда, «Amazon» 30 мыңнан астам, «Oracle» болса 10 мыңнан аса қызметкерін қысқартқан. «Microsoft» компаниясы да көп жылдық тәжірибесі бар қызметкерлерге төлемдер есебінен өз еркімен жұмыстан кетуді ұсынған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » Meta жасанды интеллект шығындарына байланысты 8 мың қызметкерін қысқартады