Реал Мадрид күтпеген трансферлер қарсаңында: командаға екі жұлдыз келеді

Президент сайлауының аяқталуы қарсаңында «Реал Мадрид» келесі маусымға құрамды күшейту жұмыстарын бастап кетті. Егер Флорентино Перес 7 маусымда өтетін сайлауда жеңіске жетсе, клубтың екі жаңа футболшыны ресми түрде жариялауы күтілуде. Хабарларға сүйенсек, «Ливерпульдің» орталық қорғаушысы Ибраима Конате еркін агент мәртебесінде мадридтік клубпен төрт жылдық келісімшарт бойынша уағдаластыққа келген. Бұл туралы Goal.com хабарлайды .
Сонымен қатар, танымал инсайдер Фабрицио Романо «Реал Мадридтің» «Интер» қорғаушысы Дензел Дюмфристің трансферін де шешкенін мәлімдеді. Мадридтіктер нидерландтық футболшының келісімшартындағы 20 миллион еуролық өтемақыны белсендіруге шешім қабылдады. Дюмфрис «Интер» сапында оң қапталда өзінің ең үздік маусымдарының бірін өткізіп, Чемпиондар лигасының жартылай финалында «Барселона» қақпасына гол соғып, командасының финалға шығуына зор үлес қосты.
Дензел Дюмфрис өткен маусымда жарақаттарына қарамастан, 47 ойында 11 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді. Оның нәтижелілігі «Реал Мадрид» скауттарының назарын аударды. «Интер» оның орнына «Аталанта» мүшесі Марко Палестраның кандидатурасын қарастыруда, алайда бұл трансфер миландық клубқа кемінде 50 миллион еуроға түсуі мүмкін.



















Пікірлер 0
…