Өзбекстанның бірінші нөмірлі шахматшысы ауысты

Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) 2026 жылғы мамыр айының қорытындысы бойынша жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады. Әлемнің ең мықты 100 шахматшысының тізіміне Өзбекстаннан бес гроссмейстер енді.
Әлемдік рейтингте Магнус Карлсен 2841 ұпаймен көш бастап тұр. Келесі орындарда Фабиано Каруана мен Хикару Накамура орналасты.
Ұзақ уақыттан бері алғаш рет Өзбекстанның бірінші нөмірлі шахматшысы өзгерді. Super Chess Classic турниріндегі сәтті өнерінен кейін Жавоҳир Синдоров рейтингін 2777 ұпайға жеткізіп, әлемдік рейтингте 4-орынға көтерілді.
Нодирбек Абдусатторов өткен аймен салыстырғанда 3 ұпай жоғалтты. Оның қоржынында да 2777 рейтингтік ұпай бар, бірақ қосымша көрсеткіштер бойынша 5-сатыдан орын алды.
Сонымен қатар, Нодирбек Якуббоев 2689 ұпаймен 40-орынды, Рустам Қасымжанов 2665 ұпаймен 50-орынды және Шамсиддин Воҳидов 2637 ұпаймен 89-орынды иеленіп отыр.

Әйелдер рейтингінде де оң өзгерістер байқалды. Афруза Ҳамдамова 2427 ұпаймен 31-орынға көтерілсе, Гулрухбегим Тоҳиржонова 2344 ұпаймен Топ-100 тізімінің 93-сатысынан орын алды.
Анықтама үшін: Өзбекстан ерлер құрамасы FIDE рейтингінде 2623 ұпаймен 9-орында келеді. Әйелдер құрамасы 2247 ұпаймен 17-сатыда тіркелген.



















Пікірлер 0
…