date

Apple M5 чипі бар жаңа iPad Pro ресми түрде таныстырылды

Apple M5 чипі орнатылған жаңа iPad Pro ресми түрде таныстырылды

Apple өзінің жаңа буын iPad Pro планшетін ресми түрде таныстырды. Ондағы негізгі жаңалық — Apple M5 чипінің енгізілуі, бұл жасанды интеллект міндеттерінде алдыңғы үлгілермен салыстырғанда 3,5 есе жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді, деп хабарлады Rozetked.

Жаңа iPad Pro 3D-рендер жасауда Apple M4-ке қарағанда 1,5 есе, Apple M1-ге қарағанда 6,7 есе жылдамырақ нәтиже береді. Планшеттің Wi-Fi және Bluetooth байланыстары да жаңа Apple N1 модулі арқылы іске асырылады — ол Wi-Fi 7 мен Bluetooth 6-ны қолдайды. SIM-карталы нұсқаларында Apple C1X модемі пайдаланылады.

Жады мүмкіндіктері де жақсарған: өткізу жылдамдығы 150 ГБ/с дейін жеткізілген, оқу және жазу жылдамдығы екі есе артқан. 256 және 512 ГБ үлгілерінде 12 ГБ жедел жады бар. Тағы айта кететіні, 11 және 13 дюймдік дисплейлер, 10 сағатқа дейінгі батарея шыдамдылығы және екі түс — күміс пен сұр. Бағасы өзгеріссіз қалған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Технология » Apple M5 чипі бар жаңа iPad Pro ресми түрде таныстырылды