date

Ресейде Telegram қолданушылары ақаулықтарға шағымдануда

Ресейде Telegram қолданушылары ақаулықтарға шағымдануда

Ресейде Telegram мессенджерінің қызметін шектеу шаралары басталды. Бұл туралы РБК басылымы сала мамандары мен ресми кеңселердегі дереккөздерге сүйеніп хабарлады.

Мәлім етілгендей, Роскомнадзор 2026 жылдың 10 февралінен бастап Telegram жұмысын ішінара бәсеңдету бойынша практикалық жұмыстарды бастады. Дереккөздерге қарағанда, "баяулау шараларының" кейбіреулері қазірдің өзінде енгізілген, ресми мекеме бұл туралы әлі түсініктеме берген жоқ.

9 және 10 февраль күндері ресейлік қолданушылар Telegram жұмысындағы үзілістер мен проблемаларға шағымданған. Бұған дейін - қаңтар мен желтоқсан айларында да осындай жағдайлар тіркелген еді.

Сонымен қатар, Ақпараттық саясат комитеті төрағасының орынбасары Александр Ющенко бұл мәселе комитетте талқыланбағанын айтты. Алайда Telegram заң талаптарына сәйкес жұмыс істемесе, оны бұғаттау ықтималдығы бар екенін атап өтті.

Айта кетейік, 2018 жылы Ресей Федералды қауіпсіздік қызметіне хабарламаларды дешифрлеу кілттерін ұсынбағаны үшін Telegram-ды бұғаттауға тырысқан болатын. Алайда 2020 жылдың июнь айында бұл талаптар жойылып, мессенджерге кіру қайтадан босатылды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Ресейде Telegram қолданушылары ақаулықтарға шағымдануда