date

Microsoft Кениядағы ірі деректер орталығының құрылысын тоқтатты

Microsoft Кениядағы ірі деректер орталығының құрылысын тоқтатты

Microsoft компаниясының Кенияда салынуы жоспарланған ірі деректер орталығының жобасы қаржылық кепілдіктер бойынша келіспеушіліктерге байланысты тоқтап қалды. Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Microsoft және оның серіктесі G42 компаниясы Кения үкіметімен есеп айырысу мәселесінде ортақ мәмілеге келе алмады. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды .

Тараптар арасындағы негізгі қайшылық мемлекет сатып алуы тиіс есептеу қуаттары үшін кепілдендірілген жыл сайынғы төлемдер схемасы төңірегінде туындады. Кения үкіметі Microsoft ұсынған қаржылық шарттарды қабылдаудан бас тартты.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың мамыр айында тараптар Шығыс Африкада бұлтты инфрақұрылымды кеңейту мақсатында 1 миллиард доллар көлемінде инвестиция салу туралы келісімге қол жеткізген болатын. Жоба геотермалдық энергия негізінде жұмыс істейтін және Azure бұлтты платформасына қосылған заманауи орталықты салуды көздеген еді.

Қазіргі уақытта келіссөздер толығымен тоқтатылмағанымен, жобаның ауқымы қайта қаралуы мүмкін. Кения шенеуніктері диалогтың жалғасып жатқанын және энергия тұтыну мен орталық конфигурациясы сияқты маңызды параметрлер әлі де келісу сатысында екенін атап өтуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Microsoft Кениядағы ірі деректер орталығының құрылысын тоқтатты