date

Microsoft Windows 11 жаңартуындағы қатені растады

Microsoft Windows 11 жаңартуындағы қатені растады

Microsoft компаниясы Windows 11 үшін шығарылған KB5089549 жаңартуы кейбір компьютерлерде орнату кезінде мәселелер туындатып жатқанын мойындады. Мамандардың айтуынша, басты себеп жүйенің EFI (ESP) бөлімінде бос орынның жетіспеушілігі болып табылады. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды .

Ресми құжаттарға сәйкес, егер EFI бөлімінде 10 МБ-тан аз орын қалса, жаңарту процесі қайта жүктеу кезінде 0x800f0922 қате кодымен тоқтайды. Жүйе өзгерістерді автоматты түрде жойып, пайдаланушыға процестің сәтсіз аяқталғаны туралы хабарлайды.

Microsoft бұл мәселені шешу үшін пәрмен жолы арқылы арнайы пәрменді енгізуді ұсынады. Пайдаланушылар "reg add HKLMSYSTEMCurrentControlSetControlBfsvc /v EspPaddingPercent /t REG_DWORD /d 0 /f" пәрмені арқылы EspPaddingPercent мәнін 0-ге өзгертіп, компьютерді қайта іске қосып, жаңартуды қайтадан байқап көре алады.

Корпоративтік жүйе әкімшілері мәселені жаппай шешу үшін KIR (Known Issue Rollback) топтық саясатын қолдана алады. Сондай-ақ, кейбір пайдаланушылар жаңартудан кейін интернет жылдамдығының төмендегеніне шағымдануда, алайда Microsoft бұл ақпаратты әзірге ресми түрде растаған жоқ.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Microsoft Windows 11 жаңартуындағы қатені растады