Xiaomi 18 Pro: 6,4 дюймдік экран, 7000 мА·сағ батарея және 200 МП камералар

Белгілі қытайлық инсайдер Digital Chat Station болашақ флагмандық смартфон туралы жаңа мәліметтерді жариялады. Gizmochina басылымы мен дереккөз парақшасындағы пікірлерге сүйенсек, әңгіме Xiaomi 18 Pro моделі туралы болып отыр. Құрылғы шамамен 6,4 дюймдік ықшам дисплеймен жабдықталады деп күтілуде. Экран 19,5:9 қатынасына, өте жұқа жақтауларға, тегіс бетке және айтарлықтай дөңгелектенген бұрыштарға ие болады. Кескін ажыратымдылығы 2K форматына сәйкес келеді. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды .
Digital Chat Station мәліметтеріне сәйкес, Xiaomi 18 Pro сериясында бірқатар эксклюзивті технологиялар тұсауын кеседі. Жақсартылған экраннан бөлек, жаңа желіде фотосуретке түсіру мүмкіндіктері, аккумулятор технологиясы және жалпы аппараттық қамтамасыз етуде үлкен өзгерістер күтілуде. Ең басты жаңалықтардың бірі — қосарланған 200 мегапиксельді камера жүйесі болады.
Смартфонның тағы бір ерекшелігі оның қуат көзіне қатысты. Құрылғыға сыйымдылығы кемінде 7000 мА·сағ болатын жаңа буынды кремний батареясы орнатылатыны айтылуда. Бұл ықшам корпуста жоғары автономияны қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, Smart Pikachu инсайдерінің айтуынша, Xiaomi жасанды интеллект көмегімен жұмыс істейтін үстел қолданбаларын қосымша экрандарда қолдану мүмкіндігін қарастыруда.
Бұл функция тек Xiaomi 18 Pro моделінде ғана емес, сонымен қатар компанияның келесі бүктелмелі смартфоны — Xiaomi 18 Fold-тың сыртқы экранында да пайда болуы мүмкін. Xiaomi 18 сериясының ресми тұсаукесері 2026 жылдың күз мезгіліне жоспарланған. Әзірге компания бұл мәліметтер бойынша ресми мәлімдеме жасамағанымен, технология әлемінде бұл флагман үлкен қызығушылық тудыруда.



















Пікірлер 0
…