
Бас прокуратура жанындағы Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сапасы кепілдендірілмеген дәрі-дәрмектердің саудасы тоқтатылды. Жиззах қалалық Департамент қызметкерлері Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі және ішкі істер органдарымен бірлесіп арнайы операциялық іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында “M.F.” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы және оның қылмыстағы сыбайласы ұсталды. Олар сапасы мен шығу тегін растайтын құжаттары жоқ 7 түрдегі 644 дана және 298 қорап дәрі-дәрмекті сату кезінде қолға түсті.
Қылмыскерлер бұл өнімдерді сату арқылы 152,3 миллион сом табыс табуды жоспарлаған. Аталған факт бойынша Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің “Сапасыз немесе жалған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру, дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе сату, дәріханалар мен олардың филиалдарынан тыс дәрі-дәрмектерді сату, сондай-ақ күшті әсер ететін заттарды қамтитын дәрілерді рецепт бойынша бөлшек саудада сату тәртібін бұзу” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде және қылмыскерлердің басқа да сыбайластары анықталуда.
Жиззахта сапасыз дәрі-дәрмектер тәркіленді
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар