date

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Узгидромет 12-15 декабрь күндері күтілетін ауа райы туралы хабарлады. Мәліметтерге қарағанда, кей жерлерде жауын-шашын, сондай-ақ тұман түсуі мүмкін.

Қарақалпақстан мен Хорезмде ауа райы құбылмалы болып, 14 декабрьде жаңбыр мен қар жауады деп күтілуде. Ауа температурасы түнде 0-5 градус суық, күндіз 3-8 градус жылы болады.

Бұхара мен Науаида жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде 2-7°С, күндіз 7-12°С жылы болады.

Ташкент, Сырдария, Жызақ және Самарқант облыстарында жаңбыр жауып, тұман түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде 4-9°С, күндіз 11-16°С жылы болады.

Қашқадария мен Сұрхандарияда жаңбыр тек 14 декабрьде жауады деп күтілуде. Ауа температурасы түнде 4-9°С, күндіз 14-19°С жылы болады.

Әндіжан, Наманган және Ферғанада ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, тұман түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде 0-5°С, күндіз 8-13°С жылы болады.

Таулы аймақтарда жауын-шашын мен тұман, ал температура 2°C-тан 6°C-қа дейін өзгереді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Демалыс күндері ауа райы қандай болады?