date

Владимир Путин елдегі шетелдік активтерді ұлттандыруға дайындалуды тапсырды

Владимир Путин елдегі шетелдік активтерді ұлттандыруға дайындалуды тапсырды

Ресей президенті Владимир Путин елдегі шетелдік активтерді ұлттандыруға дайындық жүргізуді тапсырды. Бұл шешім, егер Еуропа Одағы Ресейдің мұздатылған активтерін тәркілесе, жүзеге асырылады. Bloomberg хабарлауынша, 30 сентябрьде Путин активтерді жеделдетілген тәртіппен арнайы жолмен сатуға рұқсат беретін жарлыққа қол қойды. Құжатта шаралардың шет мемлекеттердің, соның ішінде санкциялар түріндегі әрекеттеріне жауап болатыны айтылған.

Bloomberg дереккөзінің айтуынша, "Бұл жарлық ресейлік және шетелдік компанияларды сату процесін жеделдетуге бағытталған. Егер Еуропа Одағы Ресей активтерін тәркілесе, Мәскеу де осындай шаралармен жауап беруі мүмкін."

2022 жылы Ресей Украинаға кең ауқымды шабуылды бастағаннан кейін Батыс компанияларының көпшілігі елден кетіп қалды. Соған қарамастан, Uni Credit, Raiffesisen Bank International, PepsiCo және Mondeles сияқты компаниялар Ресейде жұмысын жалғастыруда.

Қыркүйек айының соңында Еуропа Одағы басшылары Ресейдің мұздатылған активтерін кепілге қоя отырып, Украинаға 140 миллиард еуро несие беру жоспарын мақұлдады. Кремль бұл жоспарды айыптап, оны "ұрлық" деп атады.

Бұл жарлық пен шаралар Ресей мен Батыс арасындағы экономикалық және саяси қарым-қатынастарда жаңа дәуірдің басталғанын көрсетеді. Сонымен қатар, Кремль шетелдік компаниялар мен активтерге бақылауды күшейтуге дайын екенін ашық білдірді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Владимир Путин елдегі шетелдік активтерді ұлттандыруға дайындалуды тапсырды