Ресейде педофил 5 жасар қызды зорламақ болғанда, балалар оны құтқарып қалды

Ресейдің Тюмень қаласында 5 жасар қызға жыныстық зорлық-зомбылық көрсетпек болды деп айыпталған 44 жастағы ер адам сотта өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінетінін білдірді. Бұл туралы аймақтық сот жүйесінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мәліметтерге сәйкес, 28 мамыр күні әлгі адам қызға күш қолданып, оны көпқабатты үйдің кіреберісіне алып кірген және жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасамақ болған.
Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот шешімімен күдіктіге қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Әлеуметтік желілерде тараған бақылау камераларының жазбаларында ер адамның қызды көтеріп алып, кіреберіске қарай бара жатқаны, ал қыздың көмек сұрап қарсылық көрсетіп жатқаны көрінеді.
Айтылғандай, ер адамның қылмыстық ниетінің жүзеге асуына екі жасөспірімнің қырағылығы кедергі болды. Олар оқиғаның куәсі болып, жақын маңдағы әйелдің назарын аударған. Әйел дереу кіреберіске кіріп, қызды ер адамның қолынан құтқарып қалды.
Қызды аман алып қалған әйелдің айтуынша, ол кездейсоқ көрші аулаға кіріп кетіп, сол сәтте балалардың айқайлаған дауысын естіген. Белгілі болғандай, жасөспірімдер қызды алып бара жатқан ер адамды тоқтатуға тырысқан.
Қазіргі таңда аталған оқиға бойынша тергеу амалдары жалғасуда.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!