Бәрін жермен-жексен етеміз — Путин

Ресей президенті Владимир Путин Балтық жағалауы елдерінде Калининград облысына қатысты айтылған мәлімдемелерге қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол 29 мамырда Қазақстанға сапарының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында айтты.
Бұған дейін Кястутис Будрис НАТО-ға мүше Балтық елдерінде Калининград облысында орналасқан ресейлік әуе қорғаныс нысандарын «жермен-жексен етуге» мүмкіндік беретін құралдар бар екенін мәлімдеген болатын.
Путиннің айтуынша, Ресей мұндай әрекетке барған кез келген тарапқа лайықты жауап қайтару үшін жеткілікті мүмкіндікке ие.
Оның айтуынша, Ресейге тікелей әскери қауіп төндіретін кез келген аумақ ел үшін заңды нысана ретінде бағаланады.
Бұл мәлімдеме соңғы уақытта аймақтағы қауіпсіздік мәселелері бойынша айтылып жатқан өткір пікірлер аясында жасалды.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!