date

Жердің ішкі ядросында өзгерістер анықталды — зерттеу

Жердің ішкі ядросында өзгерістер анықталды — зерттеу

Ғалымдар Жердің сыртқы ядросындағы сұйық темір ағындарында ерекше өзгерісті анықтады. Зерттеулерге сәйкес, Тынық мұхитының астындағы кейбір ағындар күтпеген жерден бағытын өзгертіп, жалпы батысқа қарай қозғалысқа қарсы шығысқа қарай аға бастаған.

«Journal of Studies of Earth» журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, сыртқы ядро планетамыздың магнит өрісін қалыптастыратын сұйық темір қабатынан тұрады. Дәл осы магнит өрісі Жерді ғарыштық радиациядан қорғайды және атмосфераны сақтауда маңызды рөл атқарады.

Мамандар 2010 жылдар шамасында Тынық мұхитының астындағы ағындарда ерекше өзгерістер байқалғанын атап өтуде. 2012 жылдан кейін бұл аймақта қуатты шығыс ағыны қалыптасып, оның белсенділігі 2020 жылға дейін артқан.

Ғалымдардың айтуынша, бұл құбылыс жергілікті құйын емес, сыртқы ядро бетінің шамамен 5 пайызын қамтыған ірі процесс. Оның пайда болу себептері әзірге анықталмаған.

Зерттеушілер осы кезеңде Жердің ішкі қабаттарында басқа да беймәлім өзгерістер тіркелгенін хабарлайды. Атап айтқанда, тәулік ұзақтығындағы кезеңдік өзгерістер мен ішкі ядро қозғалысында да кейбір ығысулар байқалған.

Мамандар бұл процестер адамдар үшін тікелей қауіп төндірмейтінін баса айтады. Алайда Жер ядросындағы динамикалық өзгерістерді зерттеу магнит өрісі мен ғарыштық ауа райындағы өзгерістерді болжауда маңызды рөл атқарады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Жердің ішкі ядросында өзгерістер анықталды — зерттеу