Үндістандық ер адам қағаз стақандар коллекциясымен Гиннес рекордын орнатты

57 жастағы үндістандық ер адам ерекше коллекциясының арқасында Гиннес рекордтар кітабына енді. Ол әлемнің 31 елінен барлығы 858 түрлі қағаз стақан жинаған.
Коллекциядағы стақандардың көлемі 5 мл-ден 500 мл-ге дейін, олардың әрқайсысы әртүрлі мемлекеттер мен брендтерге тиесілі. Ер адамның айтуынша, балалық шақтағы қызығушылығы жылдар өте келе үлкен құмарлыққа айналған.
Ол бұрын ұшаққа отыру талондарын, ұстара пышақтарының орамаларын, кофе кружкаларын және шай пакеттерін жинағанын айтқан.
Мәліметтерге сәйкес, ол 2013 жылы 5986 телефон картасынан тұратын ең үлкен коллекцияның иесі ретінде рекорд орнатқан еді.



















Пікірлер 0
…