date

Ташкентке мыңнан астам жаңа автобус пен электробус әкелінеді

Ташкентке мыңнан астам жаңа автобус пен электробус әкелінеді

Транспорт министрлігінің мәліметінше, 2026 жылдың соңына дейін астанаға барлығы 1200 жаңа автобус пен электробус әкелінеді.

Биылғы жылдың қазан айында "Тошшахартрансхизмат" 200 дана 12 метрлік электробусты қабылдайды. Олардың негізінде төрт жаңа автобус бағыты ашылады.

2026 жылы тағы мың автобус әкелу жоспарлануда. Олардың 30-ы 18 метрлік, 500-і 12 метрлік, 470-і 9 метрлік болады. Жаңа көліктер 48 бағытта жүреді.

Жаңа автобустар үшін Жаңа Ташкент аумағында үш автосарай салынады. Жоба жүзеге асса, қалада барлығы 2891 автобус жүреді және жылына 750 миллион жолаушы тасымалданады.

Сонымен қатар, туризм көшелері арқылы кешкі 22:00-ден таңғы 06:00-ге дейін жүретін 15 түнгі автобус бағыты іске қосылады.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы Өзбекстан Yutong және King Long компанияларынан 1000 автобус пен электробус сатып алған болатын.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Авто » Ташкентке мыңнан астам жаңа автобус пен электробус әкелінеді