date

Енді камералар да балл жазады - жүргізушілерді жаңа жүйе күтіп тұр

Енді камералар да балл жазады - жүргізушілерді жаңа жүйе күтіп тұр

Өзбекстан Министрлер Кабинетінің 2025 жылғы 25 октябрьде қабылданған 676-санды қаулысына сәйкес, 2026 жылдың 1 апрелінен бастап автоматтандырылған камералар мен радар жүйелері арқылы тіркелген жол ережелерін бұзғаны үшін де айыппұл балдары есептеледі.

Жаңа тәртіптің негізгі мақсаты - жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өліммен аяқталатын жағдайларды азайту және тәртіпті күшейту. Енді айыппұл балдары тек көлік иесіне ғана емес, оны сенімхат, сақтандыру полисі немесе жол қағазы негізінде басқарған тұлғаға да қатысты болады.

Айыппұл ұпайлары жүйесі 2025 жылдың 1 июнінен бастап енгізілген болатын, бірақ бастапқыда ұпай тек жол қауіпсіздігі қызметкерлері жасаған хаттамалар негізінде қосылған. Ал камера немесе радар арқылы анықталған заңбұзушылықтар үшін ұпай жазылмайтын. Енді техникалық мүмкіндіктер кеңейгендіктен, бұл жүйе де толығымен цифрландырылуда.

Қаулыға сәйкес, егер жүргізуші 12 ай ішінде бірде-бір ережені бұзбаса, келесі бірінші ережебұзушылық үшін айыппұл ұпайы есептелмейді. Сондай-ақ, жүргізушіге балл жазылғаннан кейін алты ай ішінде жаңа ережебұзушылық орын алмаса, жүйе одан автоматты түрде 2 баллды алып тастайды.

Естеріңізге сала кетейік, егер жүргізушінің бір жыл ішінде жалпы ұпайлары 12-ге жетсе, мәліметтер автоматты түрде сотқа жіберіледі. Сот шешімі бойынша мұндай жүргізушілер 6 айдан 3 жылға дейін жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Авто » Енді камералар да балл жазады - жүргізушілерді жаңа жүйе күтіп тұр