date

Мемлекет электромобильді зарядтау шығындарын ішінара өтейді

Мемлекет электромобильді зарядтау шығындарын ішінара өтейді

Президенттің 2026 жылғы 16 февральдағы NoУП-22 жарлығына сәйкес, электромобильдерді қуаттау станцияларының иелері үшін бірқатар жеңілдіктер енгізілді. Құжат "Махалланы дамыту және қоғамды өркендету" жылы аясындағы реформалар мен "Өзбекстан-2030" стратегиясын жүзеге асыру шараларын көздейді.

Жаңа тәртіпке сәйкес, қуаттау станцияларында 1 киловатт сағат электр энергиясы бағасының 300 сумнан астам бөлігі Мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі. Осы арқылы кәсіпкерлердің шығындарын қысқарту көзделген.

Сондай-ақ, электромобильдер үшін зарядтау станцияларын ұйымдастыратын кәсіпкерлерге 10 пайыздық мақсатты несиелер бөлінеді. Бұл қаржылық қолдау саланы дамытуға қызмет етеді.

Сонымен қатар, зарядтау станциялары үшін сатып алынатын жер учаскелерінің аукциондағы бастапқы құны нарықтық бағадан екі есе арзан етіп белгіленеді.

Қарастырылған іс-шаралардың нәтижесінде республика аумақтарында электромобильдерді қуаттау станцияларының санын 4 мыңға жеткізу жоспарлануда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Авто » Мемлекет электромобильді зарядтау шығындарын ішінара өтейді

Ең көп оқылғандар Авто жаңалықтары