date

Енді жаңа "ақылды" камералар жүргізушіні бетінен тани бастады

Енді жаңа "ақылды" камералар жүргізушіні бетінен тани бастады

Өзбекстанда бетті тану функциясы бар "ақылды" камералар іске қосылды. Жаңа жүйе жүргізушінің жеке басын бетінен танып, жүргізуші куәлігінен айырылған азаматтың рөлге отырғанын автоматты түрде анықтайды.

Мәлім етілгендей, мұндай жағдайда ережебұзушылық электронды түрде онлайн рәсімделеді. Яғни, инспектордың қатысуынсыз да мәліметтер жүйе арқылы тіркеліп, тиісті шаралар қабылданады.

Ережеге сәйкес, жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізу 50 БЕМ - 20,6 миллион сум айыппұл салуға әкеп соғады. Егер ережебұзушылық қайталанса, жаза 50-100 БЕМ - 20,6 миллион сумнан 41,2 миллион сумға дейін өсуі немесе 2-3 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін баруы мүмкін.

Жүйенің сынақ кезеңінде-ақ бірнеше ережебұзушылық анықталғаны айтылды. Жақын арада бұл тәжірибе жол бақылауында кеңінен қолданыла бастайды деп күтілуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Авто » Енді жаңа "ақылды" камералар жүргізушіні бетінен тани бастады

Ең көп оқылғандар Авто жаңалықтары