date

Xiaomi SU7 Max өз класындағы ең жылдам электромобиль атанды

Xiaomi SU7 Max өз класындағы ең жылдам elektromobilге айналды

Xiaomi компаниясының жаңа буындағы SU7 Max моделі Чжэцзян халықаралық трассасында 1:37.974 нәтиже көрсетті. Бұл көрсеткішпен электромобиль 73 000 АҚШ долларына дейінгі баға сегментіндегі ең жылдам төрт есікті сериялы автомобильге айналды.

Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.

Компания жарыс процесінің толық және өңделмеген видеосын жариялады. Сонымен қатар, трек мүмкіндіктеріне ие жаңа SU7 Max моделінің сатылымы басталғаны мәлім болды.

Өндіруші бұл модельді спорттық нұсқаларға жақын азаматтық автомобиль ретінде таныстыруда.

Автомобильдің жаңа конфигурацияларының тізіміне Sailun PT01 шиналары, сондай-ақ ITT колодкаларымен және ENDLESS сұйықтығымен жабдықталған жоғары тиімді тежегіш жүйесі енген. Бұл жүйе жоғары жүктемелерге және қызып кетуге төзімділігімен ерекшеленеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Авто » Xiaomi SU7 Max өз класындағы ең жылдам электромобиль атанды