date

Тығыз трафик болашақтағы автономды көліктердің қозғалысына кедергі келтіруі мүмкін

Тығыз трафик болашақтағы автономды көліктердің қозғалысына кедергі келтіруі мүмкін

Сымсыз байланыс технологиялары жалпы көлік жүйелерінде, атап айтқанда, болашақтың интеллектуалды көлік жүйелерін енгізуде маңызды рөл атқарады. Бұл ретте 5G желісі автономды басқарылатын көліктердің өзара ақпарат алмасуы үшін негізгі құрал болады деп күтілуде. Бұл туралы Autocar.co.uk хабарлайды .

Алайда, Глазго университеті мен Эдинбургтегі Heriot-Watt университетінің зерттеушілері жүргізген жаңа зерттеу күтпеген мәселенің бетін ашты. Белгілі болғандай, тіпті ең заманауи 5G технологиясының өзі белгілі бір жағдайларда үзілістерге тап болуы мүмкін.

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, жолдардағы жаяу жүргіншілер, басқа көлік құралдары және тіпті қозғалыстағы объектілер сымсыз сигналдарды бірнеше секундқа бөгеп тастауы мүмкін. Бұл жүргізушісіз басқарылатын көліктердің қауіпсіз қозғалысы үшін елеулі кедергі болуы мүмкін.

Мамандар тығыз трафик жағдайында сигналдың мұндай қысқа мерзімді блокталуы жүйенің шешім қабылдау жылдамдығына әсер ететініне алаңдаулы. Болашақта автономды көлік құралдарын кеңінен енгізу үшін осы техникалық мәселелерді жою бойынша қосымша жұмыстар жүргізу қажет.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Авто » Тығыз трафик болашақтағы автономды көліктердің қозғалысына кедергі келтіруі мүмкін