date

Toyota зауыттары үлгермей жатыр: Компания алғаш рет Тайваньнан Жапонияға көлік импорттайды

Toyota зауыттары үлгермей жатыр: Компания алғаш рет Тайваньнан Жапонияға көлік импорттайды

Toyota компаниясы Жапонияның ішкі нарығына арналған негізгі жеңіл автокөліктерін Тайваньда шығаруды бастайды. Ол үшін сол жерде арнайы өндірістік желі құрылып, дайын өнімді Жапонияға экспорттау ағымдағы жылдың қазан айынан бастап жолға қойылады. Бұл Toyota тарихында өздерінің негізгі модельдері үшін шетелде желі ашып, оларды қайтадан Жапонияға импорттауына байланысты алғашқы жағдай. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды .

Тайваньда шығарылатын жаңа модельдер — бір-біріне ұқсас Noah және Voxy минивэндері. Бұл модельдердің әрқайсысы Жапонияда жылына 70 000-нан 80 000 данаға дейін сатылады және брендтің ең сұранысқа ие көліктері қатарына жатады. Қазіргі таңда бұл көліктерге сұраныс өте жоғары, жеткізу мерзімі кейде бір жылдан асып кетеді, тіпті тапсырыстардың жойылу жағдайлары да кездеседі.

Toyota басшылығы Тайваньның солтүстігіндегі бірлескен кәсіпорында жаңа инвестициялар мен қолданыстағы жабдықтарды жаңғырту есебінен жылына 100 000 дана автокөлік шығаруды жоспарлап отыр. Бұл көлем Noah және Voxy модельдерінің Жапониядағы жалпы сатылымының шамамен 70 пайызын құрайды. Сонымен қатар, Жапонияның өзіндегі зауыттар да толық қуатта жұмыс істеуді жалғастырады.

Компания президенті қазіргі жеткізудегі іркілістерді «қалыптан тыс және дағдарыстық жағдай» деп атады. Оның пікірінше, ұзақ күту мерзімі тұтынушылардың басқа автоөндірушілерге ауысып кетуіне себеп болуы мүмкін. Қазіргі уақытта Toyota Жапонияның жеңіл автокөлік нарығының 50 пайыздан астамын иеленіп отыр және 2025 жылға қарай ел ішінде 3,27 миллион дана автокөлік шығаруды мақсат еткен.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Honda компаниясы да электромобильдерді шетелден Жапонияға қайта импорттау тәжірибесін қолданған алғашқы жапон бренді болған еді. Toyota да осы стратегия арқылы ішкі нарықтағы тапшылықты бәсеңдетуге үміттенеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Авто » Toyota зауыттары үлгермей жатыр: Компания алғаш рет Тайваньнан Жапонияға көлік импорттайды