date

Li Auto L7 бәсекелесі: GAC S9 кроссоверіне тапсырыстар қабылдануда

Li Auto L7 бәсекелесі: GAC S9 кроссоверіне тапсырыстар қабылдануда

GAC компаниясы өзінің жаңа флагмандық кроссовері — S9 моделі үшін Ресейде алдын ала тапсырыс беру процесін бастады. Ұзындығы бес метрге тең бұл көлік гибридті қуат қондырғысымен жабдықталған, ал қазір тапсырыс берген клиенттер ресми сатылым басталғанда басымдыққа ие болады. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды .

Жаңа модельдің нақты бағасы мен сатылымның басталу күні әзірге жарияланбаса да, оның негізгі техникалық сипаттамалары белгілі. GAC S9 жалпы қуаты 340 ат күшіне ие екі электромотормен жабдықталған. Көлік 100 км/сағ жылдамдыққа 7,2 секундта жетеді.

Гибридті жүйенің арқасында кроссовер тек электр қуатының өзімен 208 км қашықтықты жүріп өте алады. Жалпы жүріс қоры 1019 км-ді құрайды, бұл ретте орташа отын шығыны әр 100 км үшін 7,4 литрге тең. Қуат қондырғысы бірнеше режимде, соның ішінде жүргізу стилі мен климаттық жағдайларға бейімделетін адаптивті режимде жұмыс істей алады.

GAC S9 жабдықтары қатарында адаптивті аспа (подвеска), 21 дюймдік дөңгелек дискілері, Nappa былғарысымен қапталған массаж функциясы бар орындықтар және үлкен экранды медиажүйе бар. Өндіруші көлікке 5 жыл немесе 150 мың шақырым, ал қуат қондырғысының бөлшектеріне 8 жылдық кепілдік ұсынады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Авто » Li Auto L7 бәсекелесі: GAC S9 кроссоверіне тапсырыстар қабылдануда